Атқарылған жұмысы туралы мәлімет

2020 жылы Бөлім арқылы 25127 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

  • Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы – 13077 өтініш (52,1%),
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 11708 өтініш (46%),
  • Веб-портал арқылы – 342 өтініш (0,14%)

Тұрғын үй көмегіне – 85,9 млн теңге қаржы бөлініп, 3843 отбасының 15372 адамына (орташа мөлшері 2862 теңгеден) тағайындалып төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек — 3374 отбасының 16688 адамына(1066 отбасы шартсыз ақшалай көмек, 2433 шартты ақшалай көмек) 1 млрд 302 млн теңге тағайындалып төленді. 2019 жылмен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 48%-ға қысқарды, себебі 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан АӘК-тің Заңы қайта қаралып, тағайындау тәсілі өзгерді. Сонымен қатар АӘК алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы  балаларыКепілдендірілген әлеуметтік топтамамен(Magnum Cash&Carry» ЖШС-і арқылы ай сайын  азық –түлік топтамасы және тоқсанына бір рет химия заттарының жиынтығымен) қамтылды.

         2020 жылы төтенше жағдай кезеңіне халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін, 2АЕК мөлшерінде (5556 теңгеден) 5 санатқа (1,2,3 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға, осы санаттағы балаға қарап отырған қамқоршысына, АӘК алушы отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларына және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға) 4 айға — 26965 адамға 615,0 млн теңге төлем жасалынды.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезеңінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жұмыстан қысқартылған немесе табыстарынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы(42500 теңге)мөлшерінде әлеуметтік төлем берілді. 2020 жылы   61488 азаматқа 42500 теңгеден төленді.

         2021 жылда қойылған міндет – әлеуметтік көмек алушы отбасыларының еңбекке қабілетті азаматтарын тұрақты жұмысқа тарта отырып, отбасын өмірлік қиын-жағдайдан шығарып, кедейшілік деңгейін төмендету болып табылады.

Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірі жаңа жұмыс орындарының ашылуы, 2020 жылы 8972 (тұрақты-5126, уақытша-3846)жаңа  жұмыс орындары   ашылды(жоспар 2,2 есеге артық орындалды).

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын» қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік, инжерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру мақсатында Тараз қаласында 72 жоба іске асырылып, 5597 жұмыс орны ашылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтудың  және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек  бағдарламасына бюджет қаражаты есебінен 1 236,0 млн теңге бөлінген қаражат толық игеріліп,  11236 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды (108,3%).

Бағдарлама аясында кәсіпкерлікке 435 адам оқытылып, 34 адам шағын несие алып, жеке кәсібін ашты. Сонымен қатар  1119 адамға 621,7 млн.теңге грант беріліп, өз ісін ашуға мүмкіндік берді(1адам-555600 тг).

 Еңбек саласында атқарылған жұмыстың нәтижесінде жұмысссыздық деңгейі 5,8 пайыздан 5,6 пайызға түсті.

Ал 2021 жылға қойылған міндет  жұмыссыздық деңгейін төмендету жұмыстарын жалғастыру мақсатында Еңбек  бағдарламасы аясында өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтарға грант беру, тұрақты жұмыспен қамту,  қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тарту жұмыстары жалғасын табатын болады.

2020 жылдан бастап  мүгедек жандар үшін пилоттық әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс жасауда. Әлеуметтік қызметтер порталы — бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын дербес сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе.

Мүмкіндігі шектеулі жандар керекті құрал-жабдықтарына үйден шықпай, азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен https://aleumet.egov.kz/ порталы арқылы  тапсырыс беріп,  таңдау жасап, алу мүмкіндігі берілген. 

2021 жылдан бастап Порталға толық көшу жүзеге асырылды.

 1 қаңтардан бастап техникалық құралдар мен қызметтердің барлық 55 түрі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетіле бастады. Қазіргі таңда Тараз  қаласында мүмкіндігі шектеулі 17054 адам бар, оның  ішінде 6305 мүгедек 7955 техникалық оңалту құралдарын таңдауға  мүмкіндік берілді.

Порталдың енгізілуі техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мерзімін қысқартып, тауарлардың сапасын жақсартады және  ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал етеді.